Неслихан Атагүл Кадир Догулу

Instagram: @kadirdogulu

Неслихан Атагүл мен Кадир Догулу 6 наурызда ата-ана атанған болатын. Бақытты жұп сәбимен сурет жүктеді.

6 наурызда Түрік басылымдарының барлығы дерлік Неслихан Атагүлдің ана атанғаны туралы жазды, бірақ ерлі-зайыптылар бұл қуанышты жаңалықты растауға асықпады.

15 наурызда Кадир Догулу мен оның жары әлеуметтік желіде қуаныштарын жасырмай, жаңа туған нәрестені көрсетті.

Отбасы жанкүйерлерін екі еселенген жаңалықпен қуантуға шешім қабылдады, өйткені олар сүйкімді суретті көріп қана қоймай, сәбиге қандай есім қойылғанын білді. Неслихан мен Кадир ұлын Азиз деп атағаны белгілі болды, бұл «күшті», «қуатты», «сирек», «құнды», «сүйкімді», «қымбат» дегенді білдіреді.

Instagram/stories: @kadirdogulu

Еске сала кетейік, ерлі-зайыптылар 2016 жылы отау құрды, бірақ олар ата-ана бола алмады, сондықтан баланың өмірге келуін актерлар үшін ең қуанышты және көптен күткен оқиға деп санауға болады.


Фото: Instagram

Поделиться: