Қазан айы 6-7 күндері Тоқтыдағы толған аймен басталады. Бұл кезеңде эмоциялар күшейіп, бірақ сонымен бірге айқын болады. Айдың екінші жартысында Шолпан Таразыға ауысады да, қарым-қатынастарға әдемілік пен дипломатия сыйлайды. Ал Плутон тура қозғалысқа өтіп, билік пен ықпал тақырыбын алдыңғы орынға шығарады.
21 қазанда Таразыдағы жаңа ай махаббатта, келісімшарттарда және серіктестікте жаңа бастамаларға жол ашады. Оған қоса, 22 қазан күні Нептун Балықтарға қайта оралады, бұл саған арманшыл интуиция мен негізделген шешімдердің үйлесімін береді.
2025 жылдың қазан айына арналған жұлдыз жорамал әрбір жұлдызнама белгісіне не дайындап қойғанын білейік.
Тоқты
Айдың басында сен назарда боласың. 6-шы қазандағы толық ай мынаған итермелейді: егер сен бір адам туралы ойлап жүрсең, тағы бір мәрте ойлан. Қарым-қатынасты қалай құратының немесе жеке шекараларың жайлы мәселе ашылады – мұның бәрі сенің игілігің үшін. 21-ші қазандағы жаңа аймен фокус өзгереді. Мұнда мәселе өткенді артта қалдыруда емес, өміріңде шын мәнінде орын алуға лайық адамдарды анықтауда. Шолпан саған қолдау көрсетіп, жағдайды жұмсартады, сондықтан асықпа және есте сақта: бұл айда дипломатия саған драмадан әлдеқайда пайдалырақ болады.
Торпақ
Бұл айдың басты тақырыбы – әр күніңді жақсарту. Егер күнделікті тірлігің ретсіз болса, Шолпан оны тыныш әрі жағымды нәрсеге ауыстыруға жетелейді. Таңды асықпай өткізу немесе тері күтімін тұрақты жасау сияқты ұсақ қуаныштардың маңызы зор. Жаңа ай келгенде жаңа серіктес табуың немесе сен үшін жұмыс істейтін жаңа әдет қалыптастыруың мүмкін.
Егіздер
Иә, сенің айтқан сөздерің өткір болуы мүмкін, бірақ толық ай бәріне жауап берудің қажеті жоқ екенін ескертеді. Қай жерде күресетініңді өзің таңда. Айдың ортасында әлеуметтік өмірің қыза түседі: сен еш күш жұмсамай-ақ тартымдысың, сондықтан романтикалық кездесулерді күте бер. Тек түбіртектерді сақта, өйткені Меркурий жағдайды шиеленістіргелі тұр. Ал жаңа ай жеңіл де көңілді нәрсеге мүмкіндік береді – бұл жаңа жоба немесе ұзаққа созылмайтын ғашықтық болуы мүмкін.
Шаян
Қазан сезімдерді оятады, ал толған ай жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті одан әрі шиеленістіреді. Бір нәрсе өзгеруі керек, сен соны түсінесің. Жаңа ай туған кезде назар отбасы мен үйге ауысады: шекара орнатуға, кеңістікті қайта ұйымдастыруға немесе жағдайды айқындайтын жанды әңгімеге өте қолайлы. Эмоция көп пе? Иә. Қажетті ме? Әрине.
Арыстан
Өзіңе деген сенімің жоғары, бірақ бұл жолы оны айқайлап жеткізудің қажеті жоқ: толған ай шындықты мейірімдірек айтуға шақырады. Шолпан сенің сөздеріңді нық әрі түсінікті ете түседі, сондықтан ашық сөйлес. Айдың екінші жартысында саяхат, оқу немесе кейінге қалдырылған жоба іске асады. Жаңа аймен бейнең анықталып, даусың байсалдырақ шығады, ал адамдар сені тыңдай бастайды.
Бикеш
Мінсіз өмірге ұмтылуды доғар: бастысы – мінсіз көріну емес. Толған ай сенің қаржың мен қауіпсіздігіңді айқындап, артық жоғалтқан жерлеріңді көрсетеді. Айдың ортасында Шолпан келіссөздерді жеңілдетеді, сондықтан еңбекақы көтеруді немесе жаңа келісімді сұраудан тартынба. Жаңа айда қаржылық тұрғыдан ақылды шешім қабылдайсың.
Таразы
Бұл – сенің маусымың, ал адамдар көздерін сенен ала алмайды. Айдың екінші жартысында Шолпан сені ерекше тартымды етеді, бұл романтика мен сәл ғана сиқыр қажет істерге өте ыңғайлы. Толған ай қарым-қатынаста драма тудыруы мүмкін, бірақ шығатын жалғыз жол – тепе-теңдік. Жаңа ай келгенде сен өз ережелеріңді қайта жазасың: көбірек шынайылық, азырақ ойын.
Сарышаян
Қазан тыныш басталады, бірақ бұны әлсіздікпен шатастырма. Толған ай энергияңды кетіріп жатқан әдеттен, күн тәртібінен немесе адамдардан бас тартуға итермелейді. Меркурий саған өткір интуиция сыйлайды, сен оған сенім арта аласың. Шолпан өткенді көлеңкеде қалдыруға көмектеседі. Жаңа аймен жеке өміріңді қайта қарап шығасың.
Мерген
Бұл айда сен, шын мәнінде, ортаңа ең қажет адам боласың. Толған ай шығармашылық тәуекелге итермелейді. Айдың ортасында Шолпан әлеуметтік ортаға тартып, шақырулар мен ортақ жобалар әкеледі. Тек өзіңді тым жүктеме: бәрі Меркурийдің көлеңкесіне тәуелді емес. Жаңа ай жаңа достықтың немесе бірлескен жұмыстың басталуын білдіреді, әрі ол ұзақ уақыт бойы жақсы жалғасады.
Тауешкі
Жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдік қазір сен үшін аса маңызды. Айдың ортасында тура қозғалысқа түскен Плутон саған бақылауды қайтарады: басты рөлде кім екенін еске салады (құпия: ол – сен). Шолпан кәсіби қадамдарыңды жұмсартып, қиын әңгімелерді жеңілдетеді. Жаңа айда мансап жолың айқынырақ болады.
Суқұйғыш
Бұл ай айтарлықтай өзгерістер айы болып сезіледі, әрі шынында да солай. Толған ай ойлау мен қарым-қатынаста серпіліс әкеледі. Ай ортасында Венера сапарларды, оқуды және ой алмасуды жеңілдетеді, сондықтан дайын бол. Ал жаңа ай кезінде сен өз ой-өрісіңді, мүмкін тіпті рухани дүниеңді де кеңейтетін бастамалардың негізін қалайсың.
Балықтар
Нептун сенің белгіңе 22-қыркүйекте қайта оралады. Бұл саған бір жағынан таныс, қиялға толы әсер сыйлайды, бірақ екінші жағынан бәрі нақтырақ әрі шынайырақ сезіледі. Толған ай ақшаға және жақын қарым-қатынасқа байланысты мәселелерді көрсетеді: бұрынғыдай жұмыс істемей қалған жағдайлар айқындалады. Венера бәрін жеңілдетіп, саған тыныштық табуға көмектеседі. Ал жаңа айда өзіңді еркін, жеңіл сезініп, сен үшін ең қымбат, қастерлі нәрселерге жақындай түсесің.
Фото: Pexels
Дереккөз: ELLE