Астаналық ерекше балалар мен олардың ата-аналарын қорлаған блогер қалай жазаланды

2025 жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында блогерге қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша іс қаралды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 03 декабря 2025, 12:25
блогер, жаза
Pexels: KATRIN BOLOVTSOVA

Сотта атап өтілгендей, құқық бұзушы Instagram желісінде ерекшеліктері бар адамдарға қатысты қорлайтын және әбепсіз сөздер қолданылған бейнематериал жариялаған.

«Аталған әрекет тек әкімшілік іс жүргізу аясында қаралатындықтан, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген жоқ. Сот отырысында О. кінәсін ішінара мойындады: бейнематериалда былапыт сөздер қолданылғанын растады, алайда балаларды қорлау ниеті болмағанын айтты», –

делінген хабарламада.

ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (78 640 теңге) айыппұл салуды немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуды, не 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

«ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабы 2-бөлігіне сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамақ қолданылмайды. О.-ның 2016 жылы туған кәмелетке толмаған баласы бар екені туу туралы куәлікпен расталды», –

деп мәлімдеді сот.

Жеңілдететін мән-жай ретінде кәмелетке толмаған баласының болуы танылды.

Құқық бұзушылықтың сипатын және жеңілдететін мән-жайды ескере отырып, блогерге 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Фото: Pexels

Дереккөз: Zakon.kz

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше