Ол Instagram парақшасында бірнеше отбасылық суреттер мен видеолар жариялап, жұбайын туған күнімен құттықтады. Бүгін Мейіржан Төребаев 42 жасқа толды.
«Жаколя, туған күніңмен. Сен өз жолыңды абыроймен өтіп келесің, қиындықтардың да жақсы жағын көре білу екінің бірінің қолынан келмейді. Жағдайға немесе ортаға қарамастан, рухани еркін болу да – сирек қасиет. Барлық адам есін жиып, өзін таба бермейді. Құдай әрдайым сенімен екенін мен көремін. Сенімді бағалаймын, сондай жан болғаныңа Аллаға шүкір. Жүрегіммен, жаныммен сүйемін», –
деп жазды Дана.
Жазба астында оқырмандар көпбалалы ананы қолдап, отбасына тезірек қауышуды тіледі.
«Аман есен үйге оралуына тілектеспін, туған күні құтты болсын», «Жедел қауышуыңызға тілектеспін», «Құттықтаймын! Екеуіңіз де мықтысыздар. Дана, сіздің ең қиын кезеңдегі қолдауыңыз ерекше. Мейіржан да өмірлік сабақтарын түсініп келеді. Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға махаббат, бақыт тілеймін!», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram