«Бұл мен үшін маңызды жоба»: Айсұлтан Сейітов кезекті фильмін өмірден өткен атасына арнамақ

Отандық танымал режиссер Айсұлтан Сейітов жаңа кинокартина түсіруді жоспарлап жүр.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 02 декабря 2025, 13:02
Айсұлтан Сейітов
Instagram: @qara.studios

Сейітов Instagram парақшасында «Жеті ата» атты жоба дайындап жатқанын мәлімдеді.

«Екі жыл бойы мен «Жеті ата» атты жаңа фильм аясында жұмыс істеп келемін Бұл біз өмірде жоғалтқан, бірақ жүрегіміздің бір бөлігі болып қала беретін адамдар туралы оқиға»,—

деп жазды режиссер.

Айсұлтан дебюттік фильмінен кейін көп ойланғанын, тіпті абдырып қалғанын мойындады. Ол саяхаттап, бірнеше қалалар мен елдерге барып, келесі қадамға жауапкершілік алудан қорыққан. Алайда, енді жаңа жобасы туралы айтуға дайын. Және Айсұлтан оны өмірден өткен атасына арнамақ.

«Ол менің тәлімгерім, менторым, маған есім берген, мамандық таңдауда қолдаған және әрқашан сүйеніш болған адам еді. Оның ықпалы — жай ғана естелік емес, менің кәсіби әрі жеке өзегімнің бір бөлігі. Бұл фильмде мен бәрін ашық айтқым келеді — ештеңені әсемдемей, бұрмаламай. Соңғы жылдардың тәжірибесін, барлық қорытынды, жеңілістерді және өзімді қайта табуға көмектескеннің бәрін осы фильмге салғым келеді. Иә, мен адастым, көп нәрсе өзгерді, бірақ бір нәрсе жүрегімде өзгеріссіз қалды — кино түсіруге деген ұмтылыс. Бұл шабыт пен көңіл-күй туралы емес, бұл — менің ойлау, түсіну және әлеммен тілдесу тәсілім», —

деді Сейітов.

Режиссердің жаңа жобасының қашан жарыққа шығатыны белгісіз. Түсірілім келесі жылы басталады.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше