«Бұл жобаға ешқандай қатысым жоқ!»: Алаяқтар Баян Алагөзованың жүзін пайдалануда

Белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагөзова қазақстандықтарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырып, маңызды мәлімдеме жасады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 04 декабря 2025, 13:56
Баян Алагөзова
Instagram: @bayanmaxatkyzy

Ол Instagram желісіндегі сторисінде видеожазба жариялаған. Онда Баян Алагөзова жаңа жоба туралы айтып жатқандай көрініп, «Жарқын жол» бағдарламасы мен Еңбек министрлігінің қолдауымен қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған бастама жөнінде сөз айтылады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Достар! Алаяқтардың арбауына түскендердің бәрін алдап кетті. Егер сіздер “Жарқын жол” деген бағдарламаға тап болсаңыздар – бұл алаяқтар. Бұл — менің дауысым емес, менің бұл жобаға ешқандай қатысым жоқ!» –

деп жазды Алагөзова.
«Бұл жобаға ешқандай қатысым жоқ!»: Алаяқтар Баян Алагөзованың жүзін пайдалануда
Instagram/stories: @bayanmaxatkyzy

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше