Ол Instagram желісіндегі сторисінде видеожазба жариялаған. Онда Баян Алагөзова жаңа жоба туралы айтып жатқандай көрініп, «Жарқын жол» бағдарламасы мен Еңбек министрлігінің қолдауымен қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған бастама жөнінде сөз айтылады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Достар! Алаяқтардың арбауына түскендердің бәрін алдап кетті. Егер сіздер “Жарқын жол” деген бағдарламаға тап болсаңыздар – бұл алаяқтар. Бұл — менің дауысым емес, менің бұл жобаға ешқандай қатысым жоқ!» –
деп жазды Алагөзова.
Фото: Instagram