Актер Zamandas YouTube-подкастына қатысып, көпшілікті таңғалдырған жеке өміріндегі ең даулы кезең туралы — екі әйелмен қатар өмір сүрген уақыты жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді. Оның ашық әңгімесі бұл тақырыпты қайтадан қоғам назарынa шығарды.
Айдарқұловтың айтуынша, екінші отбасы оның бірінші жұбайы мен үш баласы бар кезде пайда болған.
«Жаңа таныстық түсірілім алаңында болды, ал қарым-қатынас ресми некемен қатар дамыды. Екінші әйелмен діни неке қидым, бұл туралы бірінші жұбайыма алдын ала айтпадым», –
деді ол.
Арада уақыт өткен соң, актер мұндай шешім барлық тарап үшін ауыр сынақ болғанын мойындады.
«Мен ол адамды алдын ала дайындамадым, ниетім туралы ашып айтпадым, өйткені өмірімде мұндай жағдай орын алады деп ойламадым. Бірақ олай болмады. Қазір жақсы түсінемін: айтуым керек еді. Бұл – сенім мәселесі, ал мен сол сенімді бұздым», –
деді ол.
Дәурен оқиға көпшілікке мәлім болған жылдары ол, әсіресе әйелдер тарапынан, үлкен сынға тап болған.
«Маған көп нәрсені естіп, қабылдауға тура келді. Екі әйелдің күйеуі болу — романтика емес, тұрақты тепе-теңдік іздеу, адалдық пен қарым-қатынасты сақтап қалу жолындағы күрес. Бұл сырттан көрінгендей оңай емес», –
деп ағынан жарылды актер.
Ол бұл тақырыпты жария етуге ұмтылмағанын, алайда жағдайдың өзі елдің оның жеке өмірін талқылауына себеп болғанын айтты.
Әңгіме барысында актер көп әйел алуды заңдастыру мүмкіндігі туралы бұған дейін пікір білдірген депутат Абзал Құспанның сөзін де еске алды. Алайда, Дәурен жеке тәжірибе мұның оңай отбасы моделі емес екенін, үлкен жауапкершілікті талап ететінін мойындайды.
Фото: Instagram