Айдарқұлов әзірге жұбайының жүзін көрсетпей, құпия сақтап отыр. Шоумен тек оның есімін ғана жариялады.
«Айтпақшы, жұбайымның есімі – Жұлдыз»,
– деп жазды ол.
Алайда желі қолданушылары оның үшінші әйелі әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет екеніне сенімді. Ерлі-зайыптылардың екі ортақ баласы бар. Олар 2020 жылы ажырасып кеткен. Айдарқұловтың алғашқы некесінен тағы үш перзенті бар.
Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірді:
«Жұлдыз дегені – Ақбота ғой. Өйткені ол әнші, жұлдыз», «Ақбота – жұлдыз, сондықтан Жұлдыз деп отыр», «Жұлдыз – ол Боташка», «Ақботаның қолынан неке жүзігін іздеу керек шығар», – деп жазды олар.
Басқалары болса, Дәурен мен оның сүйіктісіне бақыт тілеп, құттықтады.
Фото: Instagram