«Өзіме жар табу үшін пайдаландым»: Дәурен Айдарқұлов жарын Threads желісінен тапқанын мойындады

Отандық актер Дәурен Айдарқұлов қыркүйек айында үшінші рет шаңырақ көтергенін мәлімдеген болатын. Күні кеше ол жарымен қалай танысқанын айтты.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 18 ноября 2025, 17:51
Дәурен Айдарқұлов
Instagram: @daurenaidarkulov

Шоумен үшінші некесі жайлы тың ақпараттармен бөлісіп, Threads қосымшасын жар іздеу үшін пайдаланғанын мойындады.

«Бірнеше ай бұрын мен Threads қосымшасын өшірдім. Себебі қарапайым еді — бұл жерден өзіме қажеттінің бәрін алып үлгердім. Шынымды айтсам: мен оны өзіме жар табу үшін пайдаландым. Іздеп жүрген кезде алгоритм де менің талғамымды байқап, парақшама ықтимал қалыңдықтар шыға бастады. Екі айдан кейін бір ерекше парақша көзіме түсіп, бірден жаздым. Ал екі апта өткен соң біз үйленуге шешім қабылдадық. Қорытындысы — әлеуметтік желілердің пайдасы бар екен», —

деп жазды актер.
 «Өзіме жар табу үшін пайдаландым»: Дәурен Айдарқұлов жарын Threads желісінен тапқанын мойындады
Threads: @daurenaidarkulov

Актердің бұл жазбасына желі қолданушылары түрлі пікірлер жазды.

«Қайта жүктеп алғаныңа қарағанда қайтадан жар іздеп жатқан сияқтысың ғой», «Бақытты болыңыздар», «Бұл қосымшадан жарын кездестірген адам да бар екен ғой», — деп жазды актердің оқырмандары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше