Мундир — жаңа сән құбылысы: әскери стиль қайта оралды

2010-жылдары гусар стиліндегі жакеттер сән мәдениетінің айқын бөлігіне айналды. Дәл сол кезде Balmain бренді жарқыраған эполеттер мен сәнді баулармен безендірілген доломан үлгісін ұсынған болатын.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 28 октября 2025, 12:25
мундир сән
Ann Demeulemeester SS’26

Осы сәттен бастап мұндай жакет брендтің өзіндік ДНҚ-на айналып, тез арада танымалдыққа ие болды және басқа дизайнерлердің де шабыт көзіне айналды.

2025 жылы 2000 және 2010 жылдарға деген ностальгия толқынымен гусарлық сән қайтадан подиумдарға оралды. Сол жылдың жазында Джонатан Андерсон ерлерге арналған Dior-дың алғашқы топтамасын ұсынды. Дизайнер ескі мундирді шкафтан шығарып, оны кең джинс шалбармен еркін үйлестіретін париждік дендилердің образынан шабыт алған еді. Dior-дан кейін милитари эстетикасы мен тарихи мотивтерге Alexander McQueen мен Ann Demeulemeester де жүгінді.

Подиумдардан шыққан бұл тренд тез арада сән астаналарының көшелеріне және әлеуметтік желілердің таспаларына тарады. Инфлюенсерлер мен стилистер күрделі, детальдарға бай мундирлерді күнделікті, еркін киімдермен үйлестіруді ұсынады — мысалы, оверсайз джинс, спорттық шалбар, қысқа белдемше немесе капри. Ең басты қағида — музейлік бейнені қайталамау, керісінше оны заманауи базалық элементтермен қарама-қарсы қою. Мұндай стильде бас орамал мен күннен қорғайтын көзілдіріктер секілді әшекейлермен де мінсіз жарасады.


Фото: Spotlight

Дереккөз: Umagazine

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше