Мерей Әбілова косметикалық брендін іске қосты

Танымал блогер Мерей Әбілова өзінің жеке өнімін жарыққа шығарды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 05 декабря 2025, 13:51
Мерей Әбілова
Instagram: @abilovva_m

Соңғы жылдары отандық инфлюенсерлер өз косметикалық және күтімге арналған брендтерін шығаруға белсенді кірісті. Сол үрдісті жалғап, танымал блогер Мерей Әбілова да өзінің алғашқы шаш күтіміне арналған жеке өнімін ресми түрде іске қосты.

«Қабыл алыңыздар! 3 айлық еңбекті сіздердің алдарыңызға ұсына алатын күн келді. Көп күткен сәт», –

деп жазды Мерей.

Мерейдің айтуынша, бұл өнім — оның жеке тәжірибесі мен ұзақ ізденісінің нәтижесі. Алдағы уақытта линейканы толтырып, басқа да өнімдерді шығару ойында бар екенін жеткізді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше