Баян Мақсатқызы мен Айсәуле Бақытбек-Қайдарова олар үшін «грин-флаг» саналатын танымал ер азаматтардың есімдерін атады

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбек-Қайдарованың мерекелік бағдарламасында қонақта болды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 05 декабря 2025, 11:43
Баян Мақсатқызы мен Айсәуле Бақытбек-Қайдарова
Instagram: @aissaulebakytbek

Айсәуленің YouTube арнасына жарияланған жаңа бейнежазбада ол анасы Баян Мақсатқызымен бірге тәтті ас дайындады.

Шығарылым барысында анасы мен қызы отбасылық дәстүрлерді еске алып, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысты.

Сонымен қатар, олар қоғамда «грин флаг» саналатын ер адамдар жайлы да сөз қозғап, өздері үшін мінсіз көрінетін жігіттердің аттарын атады.

«Менің ойымша, Тимур Балымбетов нағыз грин флаг. Мен оның әйелін, балаларын танимын. Ол отбасын қатты сыйлайтын сияқты және бақытты болып көрінеді», –

деді Айсәуле.

Баян Алагөзова мен Айсәуле Бақытбек те Alem-ді «грин флаг» деп санайтын жігіттердің қатарына қосты. Сонымен қатар, олар Сәкен Майғазиевті, Серік Акишевті де атап өтті. Және Ақан Сатаев та олардың ойынша мінсіз ер адам.

«Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын да өте әдемі жұп. Олар бір-біріне ғашық. Біз оның куәсі болдық», –

деп қосты Баян Мақсатқызы.

Фото: Instagram

Дереккөз: «Aissaule Bakytbek-Kaidarova» YouTube арнасы

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше