Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі атанды

Димаш Құдайберген БҰҰ көші-қон ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі атанды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 09 декабря 2025, 11:44
Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет
Instagram: @unmigration

Бұл туралы ақпарат ХКҰ-ның Instagram парақшасында жарияланды.

«ХКҰ өнер иесі және гуманитарлық қызметкер Димаш Құдайбергенді жаңа ізгі ниет елшісі ретінде қуана таныстырады. Ол өз дауысын тек тыңдаушыларына ерекше әсер қалдыру үшін ғана емес, сонымен қатар қиындықтардан зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетіп, көмектесіп, сондай-ақ олардың мәдени ерекшелігін таныту үшін де пайдаланады», –

делінген ұйым мәлімдемесінде.

DimashNews порталының хабарлауынша, былтырдан бері Димаш ХКҰ-ның өңірлік Ізгілік елшісі қызметін атқарған. Өзінің жаһандық танымалдылығын пайдалана отырып, ол ұйым жұмысына қолдау көрсетіп, мигранттар мәселесіне назар аударып, олардың интеграциясына жәрдемдесіп, сондай-ақ қаражат жинау шараларына қатысып, ұйымның жұмысына қолдау көрсетіп отырған.

Кеше, 8 желтоқсанда, Женевада өткен ХКҰ кеңесінің отырысында Димаш мүше мемлекеттердің делегациялары мен ұйым қызметкерлерінің алдында сөз сөйледі.

«ХКҰ Димашқа оның “Stranger” әлемдік туры барысында ұйым миссиясын насихаттаудағы еңбегі үшін алғыс білдірді. Ол гастрольдік сапарлары кезінде қоныс аударған және осал қауымдастықтармен ынтымақтасу жөніндегі үндеулерді тұрақты түрде жеткізіп отырды», –

деп атап өтілді хабарламада.

Әнші кеңес отырысында арнайы баяндама жасады.

«ХКҰ-мен жұмыс істеу – менің өмірім мен шығармашылық жолымдағы ең маңызды бағыттардың біріне айналды. Әрбір науқан, әрбір бастама, әрбір әңгіме барысында бұл ұйымның белгісіздікке, көші-қонға және түрлі қиындықтарға тап болған адамдар үшін аса маңызды рөл атқаратынына көз жеткіздім. Жаһандық Ізгілік елшісі атағын алу – ерекше құрмет. Бұл мәртебені үлкен кішіпейілділікпен әрі зор жауапкершілік сезімімен қабылдаймын. Жаһандық елші ретінде мен мигранттардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, қауіпсіз көші-қон туралы қоғамның хабардарлығын арттыруды жалғастырамын. Инклюзивтілік пен тұрақтылық құндылықтарын ілгерілетуге де күш саламын. Сондай-ақ қаражат жинау және төтенше жағдайларға ден қою бағытындағы жұмыстарыңызды да қолдауды жалғастырамын», –

деді әртіс.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше