«Менің айнам»: Жұлдыз Әбдікәрімова бойжетіп қалған қызын көрсетті

Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова, жақында бесінші рет ана атанғанына қарамастан, дене пішінін айшықтайтын сәнді көйлектегі бейнесін және өсіп қалған қызы Алауды көпшілікке көрсетті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 12 декабря 2025, 12:03
Жұлдыз Әбдікәрімова
Istagram: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз отбасылық шарада қызы Алаумен бірге түскен видеожазбаны жариялады. Анасы мен қызы көз тартарлық кешкі көйлектермен бой көрсетті: Жұлдыз — ашық қызғылт-сары, Алау — қара түсті көйлекте. Актриса қызының бойынан өзін көретінін жасырмады.

«Менің айнам. Сендегі күлкі, сендегі мінез, сендегі еркелікті ұнатамын», —

деп жазды бақытты ана.

Желі қолданушылары Алауды анасына ұқсатып, жылы лебіздерін жазды:

«Керемет! Қызға анасының қолдауы өте керек!», «Екі әдемі қыз. Көз тимесін!», «Өзіңнен аумаған тәтті қыз», «Тамаша отбасы», «Қандай әдемісіңдер!».


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше