Жұлдыз отбасылық шарада қызы Алаумен бірге түскен видеожазбаны жариялады. Анасы мен қызы көз тартарлық кешкі көйлектермен бой көрсетті: Жұлдыз — ашық қызғылт-сары, Алау — қара түсті көйлекте. Актриса қызының бойынан өзін көретінін жасырмады.
«Менің айнам. Сендегі күлкі, сендегі мінез, сендегі еркелікті ұнатамын», —
деп жазды бақытты ана.
Желі қолданушылары Алауды анасына ұқсатып, жылы лебіздерін жазды:
«Керемет! Қызға анасының қолдауы өте керек!», «Екі әдемі қыз. Көз тимесін!», «Өзіңнен аумаған тәтті қыз», «Тамаша отбасы», «Қандай әдемісіңдер!».
Фото: Instagram