Жарияланған тізімге 64 мемлекет пен аймақ енгізілген.
Рейтингтің алғашқы ондығына жеті еуропалық мемлекет, сондай-ақ Азиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан бір-бір елден кірді. Кеңес елдерінің ішінде ең жоғары орынды Латвия иеленіп, тізімнің 21-сатысында орналасқан.
Бірінші орында Испания — 100-ден 99,67 ұпай жинады. Бұл ел — «цифрлық көшпенді» визасымен белгілі бір уақыт өмір сүргеннен кейін азаматтық алуға өтініш беруге мүмкіндік беретін Еуропадағы санаулы мемлекеттердің бірі.
Үздік үштікке Нидерланды мен Уругвай кірді. Сарапшылардың пікірінше, Амстердам қашықтан жұмыс істейтін мамандарға өмір сапасын арттыру үшін ең қолайлы жағдай жасайды. Ал Уругвай бағдарламасы тек өткен жылы іске қосылғанына қарамастан, оның қатысушылары жоғары жылдамдықтағы интернет пен қолжетімді өмір сүру құнын пайдалана алады.
Алғашқы ондыққа бұдан бөлек Канада, Чехия, Португалия, Франция, БАӘ, Германия және Мальта енген.
Рейтинг алты негізгі талап бойынша жасалды:
- көші-қон мүмкіндігі және азаматтық алу қиындығы (паспорт алу мен Шенген аймағы бойынша еркін қозғалу мүмкіндігі),
- экономикалық жағдай (өмір сүру құны мен коворкинг бағасы),
- салықтық жеңілдіктер жасау мүмкіндігі,
- өмір сапасы,
- сондай-ақ «инновациялар индексі» (интернет жылдамдығы мен технологиялық даму деңгейі).
Визасыз кіруге болатын ТМД елдері арасында ең жоғары орынды Армения иеленіп, 24-сатыдан көрінді. Елдің интернет жылдамдығы төмен болғанымен, сарапшылар мұнда қашықтан жұмыс істейтін мамандар үшін құжаттарды рәсімдеу жылдамдығы мен өмір сүру құнының қолайлылығын ерекше атап өткен.
Фото: Pexels
Дереккөз: NewTimes