Актрисаның айтуынша, ол туған күнін дәл бұлай атап өтуді алдын ала жоспарламаған.
«Қарапайым басқосу нағыз тойға айналды. Оның бәрі менің ең жақын достарымның арқасы. Махаббат пен жылулыққа толы кеш болды! Құттықтаған әрбір жанға алғыс айтамын. Шынымды айтсам, пікірлер мен хабарламалар өте көп, бәріне жеке жауап беруге үлгермей қалуым да мүмкін. Бірақ маған өте жылы сезім сыйлайды! Жаңа жылыңызда әр күнде ғажайыптар орын алсын, тек оларға сенуді тоқтатпаңыз. Өзімнің 35 жасымды қарсы алып, Құдайға шүкіршілік еттім», —
деп жазды Жәния.
Актриса блогында жариялаған видеодан Кенталды, Мақпал Исабекованы, Айнұр Ілиясованы, Рано Умарованы және Жәния мен оның жары, актер Данияр Хизметовтің басқа да жұлдызды достарын көруге болады.
Туған күн иесі қара түсті сәнді көйлек киіп, сырт бейнесін әшекейлермен толықтырған, ал шашын жинақы түйіп қойған. Мерекеге арнайы апельсин түсті көпқабатты торт дайындалған.
Фото: Instagram