Аружан Жазылбекова мен жұбайы қыздары дүниеге келгеннен кейінгі ойымен бөлісті

Қазақстанның ең сұлу актрисаларының бірі Аружан Жазылбекова және «Zamandas» подкастының жүргізушісі, жұбайы Ержан Алдабергенов жүктілік кездегі жаңа фотосерияны көпшілікке ұсынды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 02 декабря 2025, 13:16
Аружан Жазылбекова
Instagram: @aldabergenov11/@arujazz

Қыздары Сараға арналған жүрекжарды жолдауын Ержан Алдабергенов өзі жазған.

«Біз сені өмір бойы жақсы көрдік, бұл – Ғаламмен тең сезім. Бір-бірімізді баяғыдан сүйсек те, саған деген махаббатымыз бізді қайта ғашық қылды»,—

деп жазды Ержан.

Ержан мен Аружанның блогында жарияланған, актриса жүкті кезінде түсірілген фотолар мейірім мен жылулыққа толы.

Желі қолданушылары оларды құттықтап, жылы лебіздерін қалдырды:

«Қуаныштымын сіздер үшін», «Ғажап», «Осындай махаббаттан бақытты балалар туады», «Керемет сөздер! Керемет жанұя! Құттықтаймын! Сүйікті жардан бала сүю – тағдырдың сыйы», «Сара бақытты болсын».


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше