Ғазиза Таңшолпан Түркияның «Түрік қағанатының тарихы» сериалына түсті

Қазақстандық актриса Ғазиза Таңшолпан HBO Max Turkiye студиясы жүзеге асырып жатқан жаңа халықаралық жобада бой көрсетті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 14 ноября 2025, 12:09
Ғазиза Таңшолпан Түркия
Instagram: @gazizaaz

Ғазиза өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында түсірілім алаңынан бірнеше сурет жариялап, жаңа рөлімен бөлісті. Кадрлардан жобаның таулы аймақта түсірілгенін, ал актерлердің Түрік қағанаты кезеңіне тән тарихи киім кигенін аңғаруға болады.

«Сіздерді жақсы көремін, бәріңізді құшақтадым. Қуана тамашалаңыздар — жақында!», —

деп жазды актриса.

Жоба «Бірінші Ғұн-Түрік: Пролог» (İlk Göktürk: Önsöz) деп аталады. Мини-сериал үш бөлімнен тұрады және кейінгі ауқымды кинофраншизаның кіріспе бөлімі болмақ. Оқиға желісі шеберлер әулетінен шыққан Бумын қағанның өмір жолына негізделген. Ол аварларға қарсы көтеріліс жасап, ағасы Істеми және ұстазы Алагардың қолдауымен өз халқының тағдырын өзгерткен тарихи тұлға ретінде суреттеледі.

Туындыда Волкан Кескин, Ариф Дирен, Мурат Серезли сияқты түрік актерлері, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі актерлер — Ғазиза Таңшолпан, Сунгхо Чой және Мерт Оджал негізгі рөлдерді сомдайды.

Желі қолданушылары қазақстандық актрисаның жаңа рөліне жылы лебіздерін білдіруде.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше