Медиакомпанияның айтуынша, аты әлемге танымал актер Джеки Чан культ франшизасының жалғасын түсіру үшін дәл Роберт Кунды режиссер етіп өзі таңдады.
Роберттің есімі халықаралық киноиндустрияда жақсы танымал. Ол Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox сияқты жетекші студиялармен бірлесіп жұмыс істеп, «Особо опасен», «Он — дракон», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров», «Майор Гром: Игра» секілді көптеген фильмдердің экшен-сахналарын қойған.
«Түсірілім 2026 жылдың көктемінде басталады. Бұл — тек бастамасы»,
— делінген Instagram-дағы жазбада.
Роберт Кун бұл жаңалыққа қатысты өз пікірін білдірді.
«Әлі күнге дейін өзім де сене алмай отырмын. Бұл – үлкен құрмет әрі жауапкершілік! Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар!», –
деп жазды ол.
Еске сала кетсек, 25 қыркүйекте әлеуметтік желі қолданушылары әлемге әйгілі актер Джеки Чанның Алматыға келгенін қызу талқылады. Сол күні Джеки Чан Алматыда екенін растау үшін қазақстандық серіктестерімен түскен суретін жариялады. Ал кейінірек Қазақстанда аты аңызға айналған «Доспехи Бога» киносагасының төртінші бөлімі түсірілетіні белгілі болды.
Фото: Instagram/ Shutterstock