«Алматыда түсірілім орындарын қарап шықтым. Керемет қонақжайлығы үшін Salem Entertainment-ке алғыс айтамын»,
– деп жазды актер.
Сонымен қатар, қазақстандық медиа компания Instagram парақшасында Джеки Чанмен өткен жұмыс кездесуінің болғанын хабарлады.
«Біз ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірістік. Алматыда болған уақытында актер біздің командамызбен бірге алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдады. Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілетін болады»,
– делінген компания мәлімдемесінде.
Әзірге өзге мәліметтер құпия сақталуда. Дегенмен медиа компания ғаламат жаңалықтар болатынын жеткізді.
Фото: Instagram