Бүгін Айсұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында «Жеті ата» деп аталатын жобаның актерлік құрамын көрсетті.
«Актерлерді таңдау — мен үшін ең жауапты кезеңдердің бірі. Болашақ оқиғаның тереңдігі де, шынайылығы да олардың кәсібилігіне байланысты. Бұл құрамда өз ісін жақсы білетін, бүгінгі киноның бағытын айқындап жүрген ерекше таланттар бар», –
деп жазды режиссер.
Суреттен Аңсар Ілиясов, Аян Өтепберген, Асан Мәжит, Нұрай Жеткерген, Еркебұлан Дайыров және Азиз Бейшеналиев сынды кино жұлдыздарын көруге болады.
Еске сала кетейік, күні кеше Сейітов екінші фильмін түсіруге дайындалып жүргенін айтып, оны өмірден өткен атасына арнайтынын мәлімдеген болатын.
«Екі жыл бойы мен «Жеті ата» атты жаңа фильм аясында жұмыс істеп келемін Бұл біз өмірде жоғалтқан, бірақ жүрегіміздің бір бөлігі болып қала беретін адамдар туралы оқиға»,—
деп жазды режиссер.
Фото: Instagram