Күн салқындаған кезде қысқа киімдер көбіне шкафтың ең алыс бұрышына кетеді. Алайда сүйікті мини-белдемшемен қоштасудың қажеті жоқ. Дұрыс үйлестірсең, оны суық маусымдағы образдарға да оңай енгізуге болады. Ол үшін ең алдымен матасына назар аудар: твид, жүн, былғары немесе күдері секілді жылы материалдардан тігілген белдемше мінсіз таңдау болмақ.
Дұрыс түрін тапқан соң, оны жылы әрі сәнді етіп үйлестіру ғана қалады.
Қалың колготкамен
60 den және одан жоғары тығыздықтағы колготкалар — ең тиімді шешім. Ең қолайлы нұсқалардың бірі — сыртынан жұқа, капрон сияқты көрінетін, бірақ іші жылы флиспен немесе жұмсақ астармен қапталған түрлері. Қара, сұр, қою қоңыр немесе терең бордо мен зәйтүн түстерін таңдауға болады.
Аяқтың визуалды ұзындығын арттыру үшін колготканы белдемше мен аяқ киімнің түсіне сәйкестендір. Егер жылы түсті нұсқалар табылмаса, қара немесе дененің түсіндей жылы түрімен қабаттап киюге болады.
Ұзын шұлықтармен
Ұзын шұлықтар бұрын тек спорттық әшекей саналса, қазір сәнді киім үлгілерінің басты элементіне айналды. Олар колготканың үстінен киіліп, балтырды қосымша жылытады. Қысқа — балтыр ортасына дейін және ұзын тізеге дейін жететін үлгілер бар. Ең танымал түстері — ақшыл, сұр және шоколад реңктері. Олар кез келген киім үлгісіне оңай үйлеседі және 2000-жылдар эстетикасын еске салады.
Ұзын сырт киіммен
Мини-белдемшені ұзын сырт киіммен үйлестіру — оны суық мезгілге бейімдеудің ең әдемі әрі талғампаз тәсілі. Ұзын пәлте немесе тон — кез келген киім үлгісіне жарасымды шешім. Ең қолайлы ұзындық — еденге дейін немесе балтыр ортасына дейін. Образды жакетпен немесе ұзын жемпірмен толықтыруға болады — олар белдемшені жартылай жауып, бейнеге көпқабатты әсер береді.
Биік етіктермен
Қысқа белдемшеге ең жақсы серік — тізеден жоғары немесе биік етіктер. Таңдайтын түрлері көп: классикалық тар етіктер, нәзік ботфорттар немесе кең қонышты «слоучи» үлгілер. Мұндай аяқ киім тек жылытып қана қоймай, аяқты визуалды түрде ұзартады.
Фото: Instagram
Дереккөз: Grazia