2023 жылдың көктеміне бет далабымен әдемі макияж жасаймыз!
Соңғы кездері макияжда бет далабы маңызды рөл атқара бастады. Егер бұрын контур жасауға бейім болса, қазір бет далабына көбірек көңіл бөлінуде. Олар бетті мүсіндейді, сергітеді және көріністі жарқыратады. Хейли Бибер – бет далабымен жасалған макияжды ұнататын жұлдыздардың бірі. Әдетте оны визажист Мэри Филипс бояйды. Мэридің бет макияжына қатысты қандай кеңестер беретінін білейік.
Бірінші және ең бастысы – кист. Ол анық және өткір жиектерсіз жұмсақ болуы керек. Сонда, кремдік текстура да, құрғақ та әдемі жағылады.
Екіншісі – әр түрлі реңктердегі бет далабын қолданудан қорықпа. Мысалы, табиғи түспен бетіңді ақырын контурлай аласың. Ал жарқын бет далабымен бет алмаларын батыл түрде қанық бояй аласың.
Мэри Филипстің үшінші кеңесі – кремді текстураны қолдан. Олармен жұмыс істеу оңайырақ, сондықтан тәжірибесіз қыз да сәтті макияж жасай алады!
@makeupbymaryphillips got tons of blush placement requests so here you go!!! i’ll try to answer all your questions in the comments ♥️ products written on the video #blushhack #blushtutorial #makeupartistcheck #makeuptok #maryphillips ♬ Lo-fi hip hop — NAO-K
Фото: Instagram/ @haileybieber