Ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Алматы қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде түсірілген бейнематериал анықталған.
Бейнежазбада орындаушының сахнада өнер көрсету кезінде көпшілік алдында бейәдеп сөздер қолданғаны көрінеді. Құзырлы органның мәліметінше, мұндай әрекеттер қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормаларын бұзып, ұсақ бұзақылық ретінде бағаланады.
Алматы қалалық Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, сот шешімімен әншіге 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Фото: Instagram