Нұрлан Абдуллинге қатысты алимент дауы әлеуметтік желіде қызу талқылануда

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Нұрлан Абдуллиннің бұрынғы азаматтық жары Ақмарал Баққараева әлеуметтік желіде өнер иесіне қатысты ашық мәлімдеме жасады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 03 июня 2026, 11:37
Нұрлан Абдуллин
Instagram: @nurlan.abdullin

Әйелдің айтуынша, әнші бірнеше жылдан бері ортақ ұлына алиментті толық төлемей жүр екен.

Ақмарал Баққараева Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында бірнеше жазба жариялаған. Онда ол Нұрлан Абдуллиннен баласының алдындағы үш жыл бойы жиналған алимент қарызын өтеуді талап етті.

«Нұрлан Мұханұлы Абдуллин, ұлыңыздың алдындағы үш жылдық алимент қарызын жабыңыз! Сіз онсыз да ұлыңызды 30 миллион теңгеге алдадыңыз. Сіз мені емес, өз туған балаларыңызды алдадыңыз! Қайырымдылық қорына 96 миллион теңге қиюға болады, ал туған ұлыңызға 25 мың теңге алимент жеткілікті ме? Бала өмірге алып келу үшін алдымен өз балаларыңызға жауапкершілікпен қарау керек. Туған балаларыңызды қамтамасыз ете алмай жүрсіз! Сізге медальдарды қалай берген? «Парасат» орденін не үшін алдыңыз? Туған балаларыңызды тастап кеткеніңіз үшін бе? Ұлыңыздың алдындағы қарызыңызды жабыңыз, ұялмайсыз ба?»,–

деп жазды ол.

Сонымен қатар, Баққараева тағы бір жазбасында әншінің өз ұлымен сот процесіне қатысып жатқанын айтып, мұның балаға ауыр әсер ететінін жеткізді.

«Сіз 62 жастасыз. Сегіз жастағы ұлыңызбен соттасып жүрсіз. Ол әкесінің неге бұлай істеп жатқанын түсінбейді», –

делінген жазбада.
Нұрлан Абдуллинге қатысты алимент дауы әлеуметтік желіде қызу талқылануда
Threads: @maral_bakkara

Желі қолданушысы, сондай-ақ, Нұрлан Абдуллиннің табысын жасырып отырғанын алға тартып, бұл жағдайға уәкілетті органдар назар аударуы қажет деп есептейтінін жазған.

Бұдан бөлек, ол әнші тарапынан өзіне қоқан-лоқы көрсетілгенін мәлімдеген. Алайда, бұл жайтқа қатысты әзірге ресми түрде расталған ақпарат жарияланған жоқ.

Ақмарал Баққараева алимент көлемінің аздығына да наразылық білдірді. Оның пікірінше, концерттік қызметтен табыс табатын әрі шетелде демалатын әнші баласын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпей отыр.

«Өзі 3-4 миллион теңге табады, шетелде демалады, ал туған ұлына 25 мың теңге алимент төлейді. Сотта 40 мың теңге азық-түлікке жетеді деп жазған. Біз Астанада тұрамыз. Қазіргі бағада ол ақша неге жетеді?», –

дейді әйел.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше