Сұхбат барысында жүргізуші продюсерден Мөлдір Әуелбекова жайлы айтылып жүрген әңгімелердің қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады. Бағым Мұхитденова бұл мәселеге кеңінен тоқталғысы келмейтінін жеткізді. Сонымен қатар ол қазіргі уақытта психологиялық көмек алып жүргенін де жасырмады.
«Бұл тақырыпқа қатысты егжей-тегжейлі пікір айтқым келмейді. Баян Мақсатқызының айтқандарының барлығы шындыққа сәйкес келеді. Денсаулығыма байланысты ұзақ уақыттан бері ем қабылдап жүргенімді көпшілікке жария еткім келмеген еді. Алдағы уақытта емнің нәтижесі болады деп сенемін», –
деді продюсер.
Бағым Мұхитденованың бұл мәлімдемесінен кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер айтылды. Бірі оқиғаға күмәнмен қараса, енді бірі продюсердің жағдайына түсіністік танытты.
Желіде «Бұл мәліметке сену қиын», «Неліктен бұл мәселе дәл қазір көтеріліп отыр?», «Неге бұл жайлы Бағым емес Баян айтты. Және қандай мақсатпен?» деген пікірлермен қатар, Бағым Мұхитденованы қолдап, орын алған жағдайдың оған ауыр соққы болғанын жазған қолданушылар да болды.
Фото: Instagram