Sadraddin 28 мамыр күні «Aldi» әніне арналған жаңа бейнеклипін жарыққа шығарды. Бұл туынды тыңдармандар арасында ерекше қызығушылық тудырып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.
«Aldi» әні әншінің 23 мамырда шыққан «ZEIIN» атты жаңа альбомына енген. Альбомда жалпы 10 ән топтастырылған. Жоба Sadraddin-нің жаңа музыкалық кезеңін көрсетіп, оның тың стиль мен эмоциялық бағытқа бет бұрғанын аңғартады.
«ZEIIN» үнтаспасындағы әндер арасында «Suraq», «Afro», «Seni oilai» және «Kimdi kinalaisyn?» секілді тректер бар.
Фото: Instagram