Наурыз айында Мархаба Сәби екінші сәбиін дүниеге әкелген болатын. Соған қарамастан, ол шығармашылыққа қайта оралып, жаңа туындыларын ұсынып үлгерді.
«Тупли киіп алып тайраңдайтын ән ғой», —
деп жазды әнші.
Жаңа ән «Туфли» деп аталады. Мархаба әннің қысқа үзіндісін желідегі оқырмандарына ұсынып, тректің жазғы көңіл-күй сыйлайтынын атап өтті.
Желі қолданушылары да әншіге жылы лебіздерін білдірді.
«Қыздар, мойындаңдаршы, туфлиді соңғы рет қашан кидіңдер?», «Керемет ән екен, шығармашылық шабыт тілеймін», «Сіз ерекше жансыз», «Бұл әннен кейін биік өкшелі туфли сатып алғым келіп кетті», «Нағыз хит болады!», «Еркіндік сыйлайтын ән екен», «Менің сүйікті әншім», — деп жазды тыңдармандар әлеуметтік желіде.
Фото: Instagram