Мархаба әсерлі бейнеролик жариялады: кадрларда ол алдымен жүкті күйінде көрінеді, ал келесі сәтте жаңа туған нәрестесін қолына ұстап тұрғанын көруге болады
«10 жыл күткен ботақанымыз, қош келдің!» —
деп жазды әнші.
Жарияланым қысқа уақыт ішінде 10 мыңнан астам лайк жинады. Мархабаның шығармашылығын сүйетін тыңдармандар мен оның әріптестері жас ана мен сәбиге зор денсаулық тіледі.
Желі қолданушылары пікірлерде:
«Мархабаның тұрмысқа шыққанын да білмеппін, мен ұйықтап қалған ба едім? Өте жақсы көремін! Сәбиіңдің өмірге келгенімен құттықтаймын!», «О, қандай керемет жаңалық!», «Балапанға ұзақ ғұмыр тілейміз!», «Менің ең сүйікті әншім!» — деп жазуда.
Фото: Instagram