Қазақстандағы ең сирек қойылған 20 есім

2026 жылдың басынан бері елімізде дүниеге келген сәбилерге қойылған ең ерекше есімдер белгілі болды. ұсынамыз.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 11 февраля 2026, 12:06
Қазақстандағы ең сирек 20 есім
Pexels:br prch

Қаңтар айынан бастап мыңдаған нәресте өмірге келді. Солардың арасында Қазақстанда бір ғана рет тіркелген айрықша есімдер де бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы айында ұл балаларға қойылған ең сирек есімдер мыналар: Тілекші, Элион, Нұрділдә, Ерәлі, Райм, Абдулкарим, Полат, Роналдо, Арианұр, Қосай, Юнис, Сұлтанәлі, Мұхаммедхасан.

Ал қыз балалар арасындағы бір ғана рет тіркелген есімдер: Ұлданай, Адэля, Адэлия, Мархабба, Альдина, Сунна, Нарғыз.

Енді осы бірегей есімдердің шығу төркіні мен мағынасына тоқталайық.

1. ТІЛЕКШІ

Қазақтың «тілек» сөзінен шыққан. Мағынасы – «өтінуші», «тілек білдіруші», «жақсылық тілеуші». Сонымен қатар «ниеттес», «жанашыр» деген ұғымдарды да білдіреді.

2. ҰЛДАНАЙ

Дәстүрлі қазақ есімі. «Айдай нұрлы», «жарық», «ай сынды көркем» деген мағына береді. Қыз балаға қорғаныш мәнінде қойылатын есімдердің бірі.

3. АДЭЛЯ

Арабтың «Adil» есімінен тараған. «Әділ», «турашыл» деген мағына білдіреді. Аделаида, Аделина есімдерінің қысқартылған нұсқасы ретінде де қолданылады. Түркі және мұсылман халықтары арасында кең таралған.

4. МАРХАББА

Арабтың «мархаба» – «қош келдіңіз» сөзінен шыққан. «Ізгі қарсы алу», «кеңпейілділік» мағынасын береді. Көбіне қыз балаларға қойылатын сирек діни есім.

5. АЛЬДИНА

Арабтың «әд-дин» – «дін», «сенім» сөзінен туындаған. «Дінге берік», «иманды» деген мағына білдіреді. Заманауи, жұмсақ дыбысталатын есім.

6. АДЭЛИЯ

Араб тілінен шыққан. «Парасатты», «әділ», «игі» деген мағыналарға ие. Соңғы жылдары танымал бола бастаған есімдердің бірі.

7. СУННА

Арабтың «Sunna» сөзі – пайғамбар жолы, діни дәстүр. «Сүннетті ұстанушы», «дәстүрге берік» деген мағынада қолданылады. Сирек кездесетін есім.

8. ЭЛИОН

Иврит тіліндегі «Elyon» – «Жоғарғы», «Ұлық», «Ең биік» деген мағынаны білдіреді. Көбіне ұл балаларға қойылатын халықаралық сипаттағы сирек есім.

9. НҰРДІЛДӘ

Қос құрамды есім: «нұр» – жарық, сәуле; «ділдә» – жүрек, жан. Мағынасы – «жүрек нұры», «сәулелі жүрек». Терең мазмұнды, көркем есім.

10. ЕРӘЛІ

«Ер» – батыр, азамат; «Әлі» – биік, күшті. «Айбынды ер», «күшті батыр» деген мағына береді. Дәстүрлі мұсылман есімі.

11. РАЙМ

Шығу төркіні жөнінде бірнеше болжам бар. Герман тіліндегі «ragin» – «кеңес», «билік»; араб тілінде «раим» – «дана», «парасатты»; санскриттегі «Rama» – «қуаныш» деген мағыналарды білдіреді. Сондай-ақ «жұмақ», «таза» ұғымдарымен байланыстырылады. Қазіргі заманғы сирек есім.

12. АБДУЛКАРИМ

Арабтың теофорлық есімі. «Абд әл-Карим» – «Аса Жомарттың құлы» деген мағына береді («әл-Карим» – Алланың көркем есімдерінің бірі). Ислам дәстүрінде кең таралған классикалық есім.

13. ПОЛАТ

Парсының «пулад» сөзінен шыққан. «Болат», «шыңдалған металл» деген мағынада. Күш-қайрат пен беріктікті білдіреді. Түркі халықтарына ортақ есім.

14. РОНАЛДО

Есімнің кең таралуына әйгілі футболшы Криштиану Роналду ықпал еткені анық. Түп-төркіні көне скандинав тіліндегі «Rögnvaldr» – «билеушінің кеңесшісі», «айбарлы көсем» деген мағынаны білдіреді. Көшбасшылық пен батылдықты меңзейді.

15. АРИАНҰР

Қос құрамды заманауи есім. «Ариа» – «тазалық», «асылдық»; «нұр» – «сәуле». «Асыл нұр», «таза жарық» деген мағына береді.

16. ҚОСАЙ

Көне түркі есімі. «Қос» – жұп, «ай» – Ай. «Біріктіруші», «жұптастырушы» деген мағынада түсіндіріледі. Сирек қойылатын ер адамның есімі.

17. ЮНИС

Юнус (Жүніс) пайғамбар есімінің арабша нұсқасы. Араб тілінде «жуас», «жақын», ал көне ивритте «көгершін» деген мағына береді. Береке мен табыстың символы.

18. СҰЛТАНӘЛІ

Қос есім: «Сұлтан» – билеуші, әмірші; «Әлі» – биік, күшті. «Айбынды әмірші», «ұлық Әлі» деген мағына береді. Ислам тарихындағы Әзірет Әлі есімімен сабақтас.

19. МҰХАММЕДХАСАН

Екі ислам есімінің бірігуі. Мұхаммед – «мақтаулы», «даңқты»; Хасан – «көркем», «жақсы». Өте салтанатты әрі сирек қойылатын толық нұсқадағы есім.

20. НАРҒЫЗ

Парсы тіліндегі «нарцисс» гүлінің атауымен байланысты. «Гүлдей құлпырған», «сұлу» деген мағына береді. Наргиз есімінің қазақы нұсқасы.


Фото: Pexels

Дереккөз: Zakon.kz

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше