Ерке Есмахан Мальдивтегі отбасылық демалыстың жылы сәттерімен бөлісті

Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан Мальдив аралдарында отбасымен өткізген демалысынан әсерлі суреттер жариялады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 12 февраля 2026, 13:39
Ерке Есмахан
Instagram: @erke_esmahan

Ерке әлеуметтік желідегі парақшасында ақ құмды жағалауда серуендеп жүрген сәттерін, отбасы мүшелерімен бірге түскен шуақты кадрларын көрсеткен. Жарияланған фотолардан тропикалық курорттың тыныштығы мен отбасы арасындағы үйлесім айқын аңғарылады.

Балаларының қатысуымен түсірілген суреттер оқырмандарына ерекше ұнады. Сонымен қатар, әншінің жазғы үлгідегі ашық реңкті киімдері мен нәзік образы да көптің назарын аударды.

«Уақыттың зымырауын байқайсыздар ма? Батырды кеше ғана босанған сияқты едім, ертең 8 айға толайын деп отыр. Шүкір! Жыл өтіп, Қасиетті Рамазан айына да жетіп қалдық. Көзді ашып-жұмсақ, жайма-шуақ жаздың да ауылы алыс емес секілді. Сол үшін әр сәтті сезініп, уақытымызды бағалап, ойымызды саралап, мәнді, сәнді, бақытты ғұмыр кешейік!»,–

деп жазды Ерке.
Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше