Ерке мен RaiM отбасылық мейрамды Мальдив аралдарында атап өтті. Романтикалық кешкі аста түсірілген суреттерді Ерке өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Кеш барысында Ерке нәзік гүлді, ашық түсті көйлек кисе, RaiM ақ жейде мен шалбар таңдаған. Ғашық жандар шам жарығында кешкі ас ішіп, бір-бірінің жылулығынан, жергілікті ас мәзірінен және мұхиттың әсем көрінісінен ләззат алды.
«19-қаңтар. Шаңырақ көтергенімізге 3 жыл. Нәтижесі — бақытты біз және 3 ұл», —
деп жазды Ерке.
Желі қолданушылары да өнерлі жұпқа жылы лебіздерін білдірді.
«Бұл — махаббат», «Қандай әдемі жұп», «Бақытты отбасы, табысты жанұя болыңыздар», «Махаббат жасқа емес, шынайы сенімге қарайды», «Маған осындай күйеу бұйырсын», — деп жазды олар.
Фото: Instagram