Әсел Сәдуақасова Instagram парақшасында жаңа фотосессиясын жариялады. Актриса теңіз жағасында ақ көйлекпен суретке түсті.
Өнер иесі тұлғалық даму жайында сөз қозғап, өзіне жасаған әрбір еңбегі мен салған инвестициясы біртіндеп ерекше өмірлік тәжірибеге, ішкі сенім мен жан тыныштығына айналатынын атап өтті.
«Қымбат әйел – бұл брендтер мен баға туралы емес. Бұл – әйелдің өзіне қанша уақыт, махаббат пен көңіл бөлетіні жайлы. “Бағбан қандай болса, бағы да сондай” деген сөз бекер айтылмаған. Жылдар өте келе, түрлі дағдарыстардан өтіп, бір ақиқатты анық түсіндім: менің басымнан не өтетіні маңызды емес, өйткені өмірде әр адамның өз сынағы бар – бұл әркімнің өз жолы. Маңыздысы – сол сынақтардан қалай өтетінім. Қалай өзгеретінім. Қалай есейетінім. Қандай қорытынды шығаратыным. Қандай тәжірибе жинайтыным. Қандай шешім қабылдайтыным. Шынын айтсам, мен өзімнің қандай адамға, қандай әйелге айналып келе жатқаныма ризамын», –
деп жазды Әсел.
Актрисаның айтуынша, бүгінде ол тірек пен сенімді ең алдымен өз бойынан таба бастаған.
«Мен енді өз өмірімді басқа адамдарға немесе сыртқы жағдайларға байламаймын. Маған берілген жалғыз өмір үшін тек өзім ғана жауаптымын. Мен үшін өмір – жай ғана сыйлық емес, бұл Жаратқан Иенің қасиетті аманаты. Осы өмірдегі басты міндетім мен жауапкершілігім – оның махаббатпен, қамқорлықпен әрі ерекше ілтипатпен жаратқан және маған сыйлаған жанымды, өмірімді қадірлеу. Сондықтан өз-өзімді сүю мен үшін жай сөз емес. Бұл – менің рухани дамуымның тереңдігі, өмірлік жолымның мәні әрі Құдайға деген шынайы қызметім», –
деп түйіндеді Сәдуақасова.
Фото: Instagram