«Үлкен бір той жасауға ниеттіміз»: Ерке Есмахан отбасылық жылы суреттерін көрсетті

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан Instagram желісінде күйеуі және үш баласымен бірге түскен жанға жылу сыйлайтын отбасылық суреттерін жариялады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 27 ноября 2025, 11:44
Ерке Есмахан
Instagram: @erke_esmahan

Ерке бөліскен фотолардан үйдің жайлы атмосферасы айқын сезіледі. Суреттерден оны отбасымен – жары Райымбек Бақтыгерей, ұлдары Муслим, Ислам және Батырмен көруге болады.

«Бұл суреттерде Исламның туған күнінен кейінгі біздің үйдің атмосферасы бейнеленген. Біз Жанұямыздағы кез келген мерекені тып-тыныш шаңырақ астында атап өткенді жақсы көреміз. Бірақ, болашақта үлкен бір той жасауға ниеттіміз», –

деді әнші.

Желі қолданушылары жылы лебіздерін білдірді.

«Шаттыққа толы шаңырақ», «Жігіттердің ортасында сұлу ханшайым», «Керемет көрініс», «Барша отбасыға осындай бақыт, бақ бұйырсын!», «Қандай жылы суреттер», «Нағыз махаббат», – деп жазды Еркенің оқырмандары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше