Альмира Тұрсын екінші рет ана атанды

Қазақстандық актриса, «Томирис» фильмінің жұлдызы Альмира Тұрсын екінші рет ана атанды. Қуанышты жаңалығымен ол әлеуметтік желіде бөлісіп, перзентханада түскен суретін жариялады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 23 января 2026, 13:50
Альмира Тұрсын
Instagram: @almiratursyn

Альмира перзентханадағы алғашқы фотоларын көрсетіп қана қоймай, жаңа туған сәбиінің есімін де көпшілікке жария етті. Қыз балаға әдемі әрі сирек кездесетін Айя-Сафия есімі қойылған.

«Біздің қызымыз дүниеге келді — Айя-Сафия. Арманым, дұғам, Алланың берген жауабы мен сыйы! Жаратқанға мадақ пен шүкір!», —

деп жазды бақытты ана.

Instagram желісіндегі блогында жарияланған фотода Альмира Тұрсын перзентханада шоколад түстес жібек киім киіп, сәбиін қолына алып отыр.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше