«Керемет Қазақстан»: Кери Хилсон мен Джон Ньюман Астана және Алматыда түскен суреттер жариялады

Америкалық әнші Кери Хилсон мен британиялық орындаушы Джон Ньюман Астана мен Алматыдағы концерттерінен кейін әлеуметтік желілерінде Қазақстанда түсірілген фотосуреттерді жариялады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 21 мая 2026, 10:45
Кери Хилсон
Instagram: @kerihilson

Өткен демалыс күндері Астана және Алматы қалаларында Николь Шерзингер, Кери Хилсон, Джон Ньюман, Timbaland, Busta Rhymes, Flo Rida және Tyga өнер көрсеткен концерттер өтті. Осыдан кейін әртістер әлеуметтік желілерінде фотоларын жүктеп, әсерлерімен бөлісе бастады.

Мәселен, рэпер Busta Rhymes концерттерден кейін қазақстандықтарға арнап үндеу жасап, өзінің құрметін білдірді.

Қазақстанда түсірілген фотоларды әнші Кери Хилсон де жариялады.

«Әдемі Қазақстаннан сәлем! Қайта оралғаныма қуаныштымын!», –

деп жазды әнші.

Ал Джон Ньюман Астана мен Алматыдан түсірілген көптеген фотосуреттер топтамасын бөлісті.

«Қазақстандағы екі күн керемет өтті. Осындай ыстық ықыластарыңыз үшін баршаңызға рақмет!», –

деп жазды ол.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше