Жұмбаққа толы сезімдер: Ayau жаңа синглін шығарды

Қазақстандық әнші әрі ән авторы Ayau алдағы екінші студиялық альбомына енетін SÜI атты жаңа синглін шығарды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 05 июня 2026, 12:54
Ayau жаңа әні
Instagram: @ayaumusic

Әннің продюсері ретінде әншінің тұрақты шығармашылық серіктесі M’Dee жұмыс істеген.

Ayau-дың айтуынша, жаңа трек шынайы өмірдегі эмоциялардан туған.

«Бұл ән екі адамның арасындағы ойын мен химия туралы. Оларды өзара тартымдылық байланыстырғанымен, араларында жұмбақ пен қызығушылық сақталады. Сондықтан әнде жеңіл флирттің, романтиканың және құмарлықтың атмосферасы бар», –

дейді орындаушы.

SÜI әні Ayau шығармашылығындағы жаңа кезеңнің жалғасы іспетті. Бұған дейін шыққан sybyrlaiyn<3 және kel kel:) сияқты лирикалық туындылардың орнын біртіндеп QOO, KET және енді SÜI секілді ойнақы әрі би ырғағына құрылған әндер басып келеді. Бұл өзгерістер әншінің екінші альбомының музыкалық бағытын да аңғартады.

Ayau (Аяулым Құсайын) 2022 жылы дәл осы лейбл құрамында дебют жасап, қысқа уақыт ішінде қазақстандық поп-сахнаның жарқын есімдерінің біріне айналды. «Закрытый клуб» бүгінде сапалы поп-музыканы дамытуға бағытталған музыкалық бірлестік ретінде танымал.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше