Яндекс Музыка қолдауымен Sadraddin-нің жаңа альбомына арналған Listening Party өтеді

Қазақстандық жас орындаушы Sadraddin тыңдармандарына жаңа «ZEIIN» альбомын ұсынуға дайындалып жатыр.

от Мария Захарова
Опубликовано: 21 мая 2026, 12:18
Sadraddin ZEIIN
Courtesy of Sadraddin

Осылайша, 22 мамырда Almaty Arena-да Яндекс Музыка сервисінің қолдауымен альбом тыңдау шарасы — Listening Party өтеді.

Өнер иесінің айтуынша, бұл соңғы екі жыл бойы үлкен зейінмен, терең эмоциямен жазылған алғашқы толыққанды альбомы. Әнші жаңа туындысында шынайылыққа, ішкі сезімге және тыңдарманмен эмоционалды байланысқа ерекше мән берген.

«Жаңа альбом «ZEIIN» деп аталады. Неге «ZEIIN» десеңіздер, бұл мен соңғы екі жыл бойы барынша зейін салып жазған алғашқы альбомым. Тыңдармандарым да альбомды зейін қойып тыңдаса екен деймін. Альбомда әртүрлі жанрда, әртүрлі стильде әндер бар. Сол әндерден әркім өзін табады деген ойдамын. Бұрын әзілдеп тұңғыш ұлымның атын Зейін қоямын дейтінмін, альбом да менің тұңғыш балам сияқты, сол себепті осылай атадым. «ZEIIN» — мен үшін терең мағына»,

— деді Sadraddin.
Яндекс Музыка қолдауымен Sadraddin-нің жаңа альбомына арналған Listening Party өтеді

Sadraddin альбомда тыңдармандар күтпеген тосынсыйлар да бар екенін жасырмады. Жаңа туындыда ешкім күтпеген фит орын алған.

Әнші 2025 жылдың қорытындысы бойынша Яндекс Музыка сервисінен «Суперлонч патшасы» атағын алғанын ерекше атап өтті. Бұл атақ оған «Qaragym-ai» трегі үшін берілген.

«Көбінесе тыңдармандар менің әндерімді Яндекс Музыкадан тыңдайтынын байқадым. Менің 3-4 жыл бұрын жазған әндерімнің топ-чартта тұрғанын көргенде бойымда әрдайым шабыт орнайды, маған күшті көңіл-күй сыйлайды»,

— деді орындаушы.

Өнер иесі болашақта көбірек музыкалық эксперименттер жасағысы келетінін де жеткізді. Қазір оған инди-поп, инди-рок жанры ұнайды екен. Алдағы уақытта сол бағытты да алуы мүмкін.

Яндекс Музыка қолдауымен Sadraddin-нің жаңа альбомына арналған Listening Party өтеді

Әнші шығармашылығындағы лирика өзінің ішкі болмысымен тығыз байланысты екенін айтады.

«Альбомды жазудағы басты мақсатым — тыңдарманмен шынайы болу. Маған бұрыннан лирикалық, мұңлы әндер ұнайды. Альбомда лириканың көп болуы да сол себептен»,

— деді Sadraddin.

Сахна сыртындағы өміріне қатысты әңгімеде Sadraddin грим бөлмесінде өзіне міндетті түрде қажет үш затты атады: жеке құлаққабы, микрофоны және орамалы.

Ал егер дәл қазір кез келген әлемдік әртіспен дуэт айту мүмкіндігі туса, таңдауын Post Malone-ға жасар еді.

Фанаттарының қолдауы туралы айтқанда, орындаушы соңғы концертіндегі ерекше атмосфераны тебіреніспен еске алды.

«Сол уақытта альбомның промосы басталған. Концертке келген тыңдармандар альбомның түсінде (розовый) киініп келген, үлкен жалаулар жасаған, шар алып дайындалған. Сол сәт мені қатты тебірентті»,

— деді әнші.

Фото: Courtesy of Sadraddin

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше