Саяхаттағы 5 әдеттегі мәселелер
Unsplash: Mathieu Perrier

Сүйіктіңмен романтикалық саяхаттан артық не болуы мүмкін?

Алайда, бірде-бір саяхат күтпеген жағдайларсыз болмайды. 

Рейсті өткізіп алу

Өзіңнің немесе авиакомпанияның кінәсінен рейсті өткізіп алатын кездер болады. Қалай болғанда да, сабырлы бол, эмоцияларыңды қадағала, өзіңды немесе авиакомпания операторларын ренжітуге және көңіл-күйді бұзуға асықпа. Ең жақын рейсті тауып берулерін сұра, егер ұзақ күтуің керек болса, түнеу және демалу үшін қонақ үй ізде.

Багажды жоғалту 

Есіңде болсын — бұл кез-келген адамда және кез-келген уақытта болуы мүмкін. Дүрбелеңге салма және әуежай қызметкерлерімен сөйлес. Байланыс деректерімен алмас, багаждың қалай берілетінін нақтыла. Мұндай қиындыққа алдын-ала дайындалуға болады — ауыстыратын киімді және дәретхана керек-жарақтарын қол жүгіне алып ал. 

Джетлаг

Уақыт белдеуінің ауысуы шаршау, мазасыздық, ұйқысыздық сияқты белгілерді тудыруы мүмкін. Мұны келесідей түзетуге болады: межелі жерге жеткенде белсенді бол, сыртта серуенде, таза ауамен дем ал, тынығып ал, медитация жаса, кітап оқы.

Саяхаттағы 5 әдеттегі мәселелер: оларды қалай шешуге болады?
Unsplash: Joyce Romero
Аурып қалу

Саяхат кезінде болуы мүмкін ең сорақы нәрсе — ауру. Бұған ешкім кепілдік бере алмайды, сондықтан, өзіңмен бірге алғашқы медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмек жинағын ал: ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, жәндіктердің шағуына қарсы, күннен қорғайтын кремдер, күйікке арналған майлар, жүрек айнуына қарсы құралдар, құлақ тамшылары және т.б.

Ақшаны немесе банк картасын жоғалту

Бұл демалыс кезінде жиі кездесетін жағдайлардың бірі. Турист бірден дүрбелеңге түседі — шет елде, таныстарсыз және ақшасыз. Алайда, дүрбелеңге салу жағдайды нашарлататынын түсінуің керек, сондықтан бірінші кезекте сабырлы бол. Ақшаны жоғалту демалысыңды бұзбауы үшін, кейбір нюанстарға алдын-ала назар аудар: төлқұжаттың түрлі-түсті көшірмелерін өзіңмен бірге ұста, қосымша банк картасын ал немесе онлайн-банкингті жүкте. 


Фото: Unsplash

Поделиться: