Жапонияның біртүрлі заңдары
Unsplash: Redd F

Жапонияның кейбір заңдары соншалықты ерекше, олардың бар екеніне таң қаласың! 

Ережелер мен заңдар жоқ қоғамды бір сәтке елестетіп көрші. Қалағаныңды жасап және ол үшін жауап бермеу. Мемлекет хаосқа айналып кететіні анық. Жапонияда, кез-келген мемлекет сияқты, бейбіт өмірді қамтамасыз ететін заңдар бар. Алайда, бұл елде шетелдіктерді таң қалдыратын бірқатар ерекше ережелер де кездеседі. Сонымен, Жапонияның ең ерекше 8 заңымен танысайық. 

Жүргізушілерге жаяу жүргіншілерге жаңбыр суын шашқаны үшін айыппұл салынады

Біздің көпшілігімізде жаңбырлы күні жылдамдықты төмендетуден бас тартатын көліктердің кесірінен қатты су болып қалған жағдай болған шығар. Жапонияда мұндай абайсызда машинаны басқаруға рұқсат етілмейді. Жүргізушіге жаяу жүргіншіге суды шашыратып алса, 7 мың иенге дейін (66 доллар) айыппұл салынуы мүмкін. Заң бойынша, жаңбыр кезінде көліктер қауіпсіздікті бұзбау үшін шашыратқыштарды орнатуы немесе баяу жүруі керек.

Қоқысты тым ерте шығаруға болмайды

Егер Жапонияға көшу туралы ойласаң, қоқысты сұрыптау және оны қайта өңдеу күнделікті жұмыс болатынын ескер. Сондай-ақ, белгіленген күндері ғана қоқысты тастау сияқты көптеген ережелерді сақтау керек. Қалаған уақытыңда, түнде қоқысты шығара алмайсың. 

Жапонияның біртүрлі заңдары
Unsplash: Sven Brandsma
Көршіңе оның поштасын беру заңсыз!

Сенің пошта жәшігіңде кездейсоқ болған поштаны көршіңе беру қалыпты және пайдалы болып көрінеді, бірақ Жапонияда емес. Бұл заң жіберушінің де, алушының да жеке өмірін қорғау үшін қабылданды. Егер дұрыс емес мекен-жай көрсетілген хат алсаң, оны қайтар. 

40 жастан асқан Жапония азаматтары жыл сайын белдерін өлшеуі керек

Жапония сумо балуандарымен танымал, бірақ елде спортпен байланысты емес шын мәнінде толық адамдарды табу қиын. Жапондықтардың диетасы теңдестірілген, бірақ бұл семіздіктік деңгейінің төмендігінің жалғыз себебі емес.

Unsplash: Siora Photography

2008 жылдан бастап «Метабо» заңы аясында салмақты бақылау бағдарламасы бар. Үкімет азаматтардың жүрек ауруы, инсульт және қант диабетімен белсенді күресуде, сондықтан олар 40 жасқа толғаннан кейін белінің өлшемі туралы есеп беруі керек. Ерлер үшін шектеулер 89 см, ал әйелдер үшін 85 см. Жапония үкіметі өз тұрғындарына салмақты бақылау үшін арнайы медициналық көмек пен өмір салтын өзгерту бойынша кеңестер береді.

Қысқа белдемше үшін заң жүзінде жауап беру

Көптеген жапон қыздары мини-белдемше киіп жүрсе де, 1948 жылы қабылданған жеңіл қылмыс туралы заңмен жамбастарын немесе бөкселерін көпшілік алдында ашуға тыйым салынады. Көптеген адамдар бұл ережені білмейді және ол сирек орындалады. Алайда, егер киім тым ашық және орынсыз болса, 29 күнге дейін түрмеге түсуге болады.

Жапонияда ішімдікті ішуге мәжбүрлеуге тыйым салынады

Жоқ-жоқ дегенді білдіреді. Номикайда (ішу кештерінде) бастықтар мен әріптестердің барда жиналып, ішіп-жеп жатқанын жиі көруге болады. Әріптестердің қысымы және басшыларға «иә» деп айту қажеттілігі адамдардың ішімдік ішуден бас тарта алмауының жалпы себептері болып табылады.

Жапонияның біртүрлі заңдары
Unsplash: Kouji Tsuru

Мұның бәрін қудалау деп санауға болады, сондықтан жапондық жұмысшыларды қорғау үшін бұл заң шамамен 2 жыл бұрын қабылданған. Оның арқасында Жапонияда ішу кездесулері саны күрт төмендеді.

Туристер Жапонияға дәрі-дәрмек әкеле алмайды

Жапонияда заманауи ғылым ұсына алатын көптеген дәрі-дәрмектерге қол жеткізе отырып, денсаулық сақтаудың дамыған жүйесі бар. Алайда билік елге дәрі-дәрмектерді әкелуге қатаң қарайды. Батыс қоспаларында тыйым салынған ингредиенттер бар. Заң бойынша саяхатшылар өз елдерінен дәрі-дәрмектерді екі айдан артық ала алмайды. Сондықтан Жапонияға ауырмай барған дұрыс!

Түн ортасынан кейін тек жарықпен билеу керек!

2015 жылы түнгі мекемелер жезөкшелік деңгейін төмендету үшін түн ортасынан кейін билеуге тыйым салуға тырысқан Жапония Үкіметімен шайқаста жеңіске жетті. Бірақ, әуен ойнап тұрғанымен, жарықтандыруды кем дегенде 10 люкске қосу керек.


Фото: Unsplash

Поделиться: