Джастин Бибер турды тоқтатты

Джастин Бибер денсаулығына байланысты Justice World Tour турынан бас тартты.

Ол ресми мәлімдеме жасап, онда ол өзінің физикалық және психикалық жағдайы оның одан әрі өнер көрсетуіне мүмкіндік бермейтінін мәлімдеді. Енді ол денсаулығын қалпына келтіру үшін уақытша үзіліс алады. 

«Алдында менің бетім жартылай істемей қалғанда Рамсай Хант синдромына тап болғанымды айтқан болатынмын. Осы аурудың кесірінен мен турды жалғастыра алмаймын. Мен демалып, дәрігерлермен кеңесіп, содан кейін Еуропаға шыққанмын. Бірақ, алты шоу өткізгеннен кейін денсаулығым сыр бере бастады. Соңғы концерттен кейін қатты шаршап қалдым. Денсаулығым мен үшін бірінші орында болу керек. Сондықтан мен үзіліс аламын. Менімен бәрі жақсы, бірақ мен демалып, қалпыма келуім керек»,

деді әнші.

Еске сала кетейік, жақында Джастин Биберге Рамсай Хант синдромы диагнозы қойылған болатын. Бұл бет нервісінің бұзылуына сонымен қатар, есту қабілетінің жоғалуына және қатты ауырсынуға алып келетін герпес зостерінің бір түрі.

Поделиться: