«Менің ерекшелігім ол әнге деген махаббатымда және шынайылықта»: Ayau өнер жолы және алғашқы үнтаспасы жайлы

Заманауи қазақ музыкасы жаңа таланттармен толығып келеді. 2022 жылдың қыркүйек айында дебют жасаған Ayau-дың бүгінде өз тыңдармандары бар. Дауысындағы нәзік әрі ерекше үні арудың ішкі дүниесінің айнасындай. Ayau M’Dee-дің «Закрытый клуб» лейблының алғашқы резиденті. Қаталанбас дауыс иесі аз уақыт ішінде бірнеше хит жазып үлгерді. Олардың арасында «sybyrlaiyn», «basqany», «kel kel» сынды әндер бар. Өткен жылдың қараша айында арудың алғашқы альбомы жарық көрді. Aяулымның жаңа үнтаспасындағы әндерін 13 сәуір жеке ән кешінде тыңдауға болады. Әртістің шығармашылығындағы жаңалықтары мен өнер жолы жайлы сөйлестік. 

Сұхбат: Арайлым Ақан

Фото: Олег Зуев

ELLE: Өнер жолына алғашқы қадамдарың қашан басталды? Әнші болуды бала кезіңнен армандадың ба?

Ayau: Мен 5 жасымнан әртүрлі байқауларға қатысатынмын. Ең алғаш үлкен сахнаға және түсірілімге түсуім 5 жасымда «Айгөлек» байқауы болды. Әнші болу менің арманым болмады, себебі мені әрдайым байқауларға қатыстыратын, ал маған ол ұнамайтын. Өсе келе өзім ән шығарып бастағанда, талғамым қалыптасып, сахнада жүргім келетінін түсіндім. 

ELLE: M’Dee сені байқап қалмағанда шығармашылығыңды қалай дамытатын едің?

Ayau: M’Dee байқамағанда өмірім мүлдем басқаша болар еді деп айта алмаймын. Сол өнер жолында жүретін едім. Бәлкім әлі де кастингтерге қатысып, продюсер іздеп жүретін бе едім немесе симфониялық оркестр құрамында өнер көрсететін бе едім. Не дегенмен де, Мәдидің менің өміріме кенеттен келіп, бірге жұмыс істеп бастағанымыз — өте керемет. Ол менің өнер жолыма үлкен жол салып, маған өзіме деген сенімділікпен, мотивация берді. Менің музыкалық бағытымды түсініп, сол толқынды алып кеткені үшін шексіз ризамын! 

«Менің ерекшелігім ол әнге деген махаббатымда және шынайылықта»: Ayau өнер жолы және алғашқы үнтаспасы жайлы

ELLE: Ayau, дебюттік үнтаспаң жайлы айтып кетсең. Қанша уақыт жаздың? Фокус трек бар ма?

Ayau: Дебюттік үнтаспаны жазуға 1 жылдай уақыт кеткен шығар. Барлық ән тікелей менің өміріммен байланысты. Менің эмоцияларым, уайымым, қуанышым, қайғым, махаббатым бәрі осы үнтаспада. Белгілі бір әнге фокус қойдық деп айта алмаймын. Әрбір әнге фокус қойылған. Әрқайсысы өзінше әдемі. 

Барлық ән тікелей менің өміріммен байланысты.

ELLE: Альбомның атауын неліктен өз атыңмен қалдырдың? 

Ayau: Себебі, жаңа айтып кеткенімдей, альбом мен туралы. Менің ең алғашқы «sensiz» әніммен бастаған кішкене аңқау, бала, ұяң, барлық жан-жағындағы адамдарды тек жақсы қырынан көретін Аяулымның өсіп, «jaman adam», «bile» сынды әндермен толықтырып, кейбір заттарға көзқарасының өзгеруі жайлы. Өзіме деген сенімділіктің артуы жайлы болғандықтан жай ғана менің есіміммен аталды. 

ELLE: Әнжинақты жазу барысында қиыншылықтар болды ма?

Ayau: Үлкен қиыншылықтар болды деп айта алмаймын, дегенмен эмоцианалды тұрғыдан қиын болды. Әрбір әнге мен өзімнің жүрегімді, махаббатымды бердім. Әрбір әнді жазған кезде жыладым да, күлдім де, көптеген эмоцияларды бастан кешірдім. 

«Менің ерекшелігім ол әнге деген махаббатымда және шынайылықта»: Ayau өнер жолы және алғашқы үнтаспасы жайлы

ELLE: Ән мен мәтінді қалай жазасың? Және не шаббыттандырады?

Ayau: Ән және мәтін жазуға жалғыздық, және түнгі уақыт, өмірлік тәжірибе, ситуациялар шабыттандырады. Үйде отырып, түн уақытында далаға қарап отырып әннің сөзіне, үніне шабыт келеді. 

 Ән және мәтін жазуға жалғыздық, және түнгі уақыт, өмірлік тәжірибе, ситуациялар шабыттандырады.

ELLE: Өзіндік стилі бар жас орындаушылардың қатарындасың. Ерекшелігің неде деп ойлайсың?

Ayau: Менің ерекшелігім ол әнге деген махаббатымда және шынайылықта деп ойламын. Үн жағына келетін болсақ ол — менің қазақи диско жанры, фанк, және 2000 жылдардың r&b бағытында жазуым. Тек белгілі бір стильде жазбай бірнеше бағытты қосып бір тәтті үн шығаруымда. 

ELLE: Дебют аларда өзіңе және продюсерге артқан үмітің ақталып жатыр ма?

Ayau: Үмітім толығымен ақталып жатыр. Менің «Закрытый клуб» лейблымда өте керемет жандар жұмыс істейді. Бәрі менің өнеріме  көңіл бөліп, үлкен жұмыс атқаруда. 

«Менің ерекшелігім ол әнге деген махаббатымда және шынайылықта»: Ayau өнер жолы және алғашқы үнтаспасы жайлы

ELLE: Сенің әніңді шетелдік жұлдыз қолданып видео түсіргенде қандай әсерде болдың?

Ayau: Ева Лангория менің әніме рилс түсіргенін көргенде мен басында түсінбедім. Кім? Не? Содан соң дұрыстап қарай отырып, оның өте танымал жұлдыз екенін түсіндім. Шынымды айтсам өте қуандым, бойымды мақтаныш сезімі кернеп, құр бос музыкамен айналысып жатпағанымды түсіндім. Ең басты қуанышым ол шетел жұлдызының қазақ тілінде жазылған әнді өзінің бейнетаспасында қолданғаны. 

 ELLE: Ayau-дың енді қандай жоспарлары бар?

Ayau: Алдағы уақытқа жоспар өте көп. Соның ең көлемдісі ол 13 сәуір менің жеке ән кешімнің өтуі. Қатты уайымдап, толқып жүрмін. Мен үшін және менің командам үшін үлкен жауапкершілік. Тыңдармандарымның қолдауына сенемін және құшақ жая күтемін!


Поделиться: