Плейлист ELLE: Ayau жақсы көретін өлеңдер

от Dara Atzhanova
Опубликовано: 04 ноября 2022, 15:32

Ayau-дың плейтистінде қандай өлеңдер бар?

Ayau музыкамен бала күнімен айналысады, бүгінде ол өз еңбегінің жемісін көруде. Қыркүйек айының соңында әнші «sybyrlaiyn <3» атты трек шығарып, осы өлеңмен көпшіліктің жүрегін жаулап алды. Трек Топ 100: Kazakhstan Apple Мuѕіс рейтингі бойынша бірінші орынға ие болды және Spotify платформасында елдің ең вирустық әндерінің тізіміне енді.


Плейлист Ayau

Билли Айлиш — «i love you»

Мен Билли Айлиштың барлық әндерін жақсы көремін. Оның әрбір әнінде шынайылық жатыр. Сондай әндердің бірі “I love you” . Бұл әнді орындаған сайын көзіме жас аламын. Тыңдаудан ешқашан жалықпаймын. Көңілсіз күндерде түнектен құтқаратын осы ән.


Плейлист Ayau

Bruno Major — «Nothing»

Бұл әнді тыңдаған кезде, мен өзімді жайлы сезінемін. Жақындарыммен өткізген жылы кешке қайта оралуға мүмкіндік беретін ән. Тыңдаған сайын есіме қыс, жылы үй, кофе түседі.


Плейлист Ayau

Kate Bush — «Running up that hill»

Бұл менің “Очень странные дела” деп аталатын ең сүйікті телехикаямның саундтрегі. Тыңдағанда маған алға қарай ұмтылуға күш беретін ән.


Sabrina Claudio — «Stand still»

Сүйікті әншілерімнің қатарына Sabrina Claudio кіреді. Әндері сиқырлы,міне сондай әндердің бірі “Stand still”. Бұл әндегі гармониялық үйлесім өте әдемі, бірнеше дауыстардың үйлесімі тұла бойды елжіретіп алады.


Lee Hi — «Only»

Lee Hi кореялық әнші. Менің ойымша бұл әншінің әндері корея еліне жаңашылдық әкелген сияқты. Бұл ән тыңдаған кезде ғашық болғың келетін сезімдерді оятады, іште көбелектер пайда болады.


Фото: Instagram: @ayaumusic

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше