«Тентек қыз болдым»: Ерке Есмахан күйеуін қалай баурап алғанын айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан жұбайының жүрегін қалай жаулап алғанын жасырмай бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 30 октября 2025, 11:13
Ерке Есмахан
Instagram: @erke_esmahan

Өнер иесі жеке өміріне қатысты сұраққа шынайы жауап берді.

«Менің бүкіл болмысымды күйеуім ғана біледі. Боқтамаймын десем, сіздерді алдағандай боламын. Ол да бетіме қарап күледі. Қыз-жігіт болып жүргенде еркеліктің неше түрлісін жасадым. Майысып, оған ұнағым келіп ештеңе істемеппін. Керісінше шынайы кіші жүздің рухы мықты, тентек қызы болдым. Қазір керемет келіншекпін», –

деп жазды әнші.

Сондай-ақ Ерке жұбайы Раймның өзіне қатысты айтқан естелігін жариялады. Ол екеуі кездесіп жүрген кездегі бір қызықты оқиғаны еске алды.

«2017 жылдары қыз жігіт болып жүргенде "Қызық премияға" бір сағат қалғанда екеуміз ұрысып қалдық. Мен жарайды енді қыз баласы ғой деп сахнаға шыққанда әнімді Еркеге қарап айтып, соған арнағанымды білдірдім. Бір кезде ол маған қарап тұрып ортаншы саусағын көрсетті. Менің түрім кетіп қалды сол жерде бірден», –

деп күлді Райм.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше