Ерке Есмахан RaiM-мен отасқанына үш жыл толғанын атап өтті

Ерке Есмахан Instagram парақшасында жаңа отбасылық суреттерін жариялап, жұбайы RaiM-мен отасқандарына үш жыл болғанын айтты.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 16 октября 2025, 11:06
Ерке Есмахан
Instagram: @erke_esmahan

«Жанұя. RaiM екеуміздің шаңырақ көтергенімізге үш жыл болып қалды. Сол үш жылдың жемісі, міне, осы суреттерде. Алла бағымызды еселеп, қол жайып тілегенімізді молынан нәсіп етуде. Жаратқанға сансыз шүкір айтамыз. Бақытты болыңыздар! Біздің отбасымызға тілекші, кең пейіл, ақ жүрек оқырмандарым», –

деп жазды әнші.

Жарияланған суреттерден Ерке мен RaiM-ның балалары — Муслим мен Исламды, сондай-ақ Еркенің қолындағы кенже ұлы Батырды көруге болады.

Желі қолданушылары жұпты жылы лебізбен құттықтап, пікірлерін қалдырды.

«Махаббаттың символы», «Керемет жанұя! Бақыттарың баянды болсын. Балаларыңның қызығын бірге көріңдер», «Әр отбасыға осындай бақыт, байлық, тыныштық тілеймін! Керемет жанұя, әдемі көрініс!», – деп жазды Еркенің оқырмандары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше