Palacio de los Deportes спорт сарайында өткен екінші концертіне 15 мың көрермен жиналып, зал лық толды.
Әнші сол әсерлі кештің бейнежазбасын 13 қазанда өзінің Instagram парақшасында жариялап, испан тілінде тыңдармандарына алғысын білдірді.
«Рақмет, достар. Сендер кереметсіңдер. Stranger. Мексика. Екінші күн», —
деп жазды ол.
Жарияланған бейнежазбадағы лық толы стадион бір сәтке алып оркестрге айналғандай әсер қалдырды.
Димаштың жанкүйерлері әлеуметтік желіде оның талантына, энергиясына және адами қасиетіне тәнті болып, шексіз сүйіспеншіліктерін білдіріп жатыр.
«Бұл менің өмірімдегі ең үздік концерт. Біз сені жақсы көреміз, тезірек қайта орал!» «Ұмытылмас түн үшін рахмет! Музыка, әрине, шекараны білмейді. Мен қазақша ән айтамын деп ойламаппын», «Біз қазақ елі сенімен мақтанамыз. Балаларымызға үлгі кылып айтамыз», «Мексика сені қаншалықты жақсы көретінін көрсетті, сені бүкіл әлем жақсы көреді Димаш», «Сен бүкіл әлемнің махаббатына лайықсың», —
Фото: Instagram