«Жапонияға бару менің арманым еді»: Жұлдыз Әбдікәрімова алыс сапарға жол тартпақ

Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова, жуырда бесінші рет ана атанғаннан кейін, өзінің көптен бергі арманын орындағанын айтты.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 30 октября 2025, 10:53
Жұлдыз Әбдікәрімова
Instagram: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз жақын күндері Жапонияға жол тартпақ. Ол бұл елге виза алғанын және сапарының кәсіби бағытта болатынын мәлімдеді. Барлық егжей-тегжейін актриса елге барған соң бөлісетінін айтты.

«Мүмкіндік болса, бәрін көрсетіп, бөлісіп отырамын, өйткені бұл сапар өте белсенді болғалы тұр. Біліммен байланысты болғандықтан бос уақытым бола ма әзірге белгісіз. Негізі Жапонияға бару менің арманым еді, көктем мезгілінде бұл арманымды орындаймын, сакура гүлденген сәтті көру үшін. Әзірге білімді арттыру керек», –

деді актриса.
Instagram: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше