«Есімдері ерекше»: Ақерке Бүркітбай бауыры мен сіңлісін көрсетті

Қазақстанның танымал қобызшысы, әнші Әли Оқаповтың жұбайы Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде бауыры мен сіңлісінің суреттерін жариялап, бірнеше жыл бұрынғы ескі кадрды қайталады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 28 октября 2025, 11:55
Ақерке Бүркітбай
Instagram: @akerkeburkitbay

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның келіні Ақерке бұл жылы кадрларымен көпшіліктің көңілін елжіретті. Ескі суреттегі кішкентай бала мен қыз есейіп, бойжетіп, азамат болған.

Ал желі қолданушылары Ақеркенің жылдар өтсе де еш өзгермей, керісінше бұрынғыдан да көріктене түскенін атап өтті.

«Бауырларым. Ақторғын мен Ақсұңқар», —

деп жазды Ақерке.

«Сен тоңазытқышта ұйықтайсың ба? Еш өзгермепсің, сондай сұлусың!», «Ініңді киноға түсіру керек қой, нағыз актер! Неткен әдемі отбасы!», «Есімдері әдемі екен. Бауырларыңыз аман болсын», «Қазақстандағы ең әдемі Ақерке мен Димаштың отбасылары», «Есімдері ерекше, тәрбиелі екені көрініп тұр», «Әдемі бауырларың, аман болсын!», — деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше